Чехияда өрт сөндіруші өзі от қойған

Сурет: pexels
Чехия мен Германияның шекарасында шыққан алапат отты өрт сөндірушінің өзі қойған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол отбасылық жанжалдан күйзеліске ұшырап, көңілін аулау үшін осындай қадамға барған көрінеді, деп жазады «Хабар 24» арнасы.

Салдарынан «Чех Швейцариясы» ұлттық паркіне айтарлықтай зардап келді. Алапат орман өрті өткен демалыста басталған еді.

Жақын маңдағы елді мекендерден 500 адам эвакуцияланды. Қазір қызыл жалынды сөндіруге Германия мен Чехия тарабы бірдей жұмылдырылған.

Сондай-ақ көршілес Польша мен Словакиядан өрт сөндірушілер көмекке келді. Италиядан екі арнайы тікұшақ алдырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды