Нұр-Сұлтанда әйел адам шатырдан секірмек болды

Сурет: видеодан скриншот
Нұр-Сұлтанда әйел Бейбітшілік көшесіндегі ғимараттың (бұрынғы орталық әмбебап дүкеннің ғимараты) шатырына шығып, елді «секіремін» деп қорқытты. Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, оған психологиялық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео Telegram арналарының бірінде жарияланды.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді.

1 тамыз күні «102» арнасына сағат 15:02-де Бейбітшілік көшесіндегі ғимараттың төбесінен бір әйел секіргелі жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі жөнелтілді. Әйел жерге түсіріліп, оған психологиялық көмек көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство тексеру жүріп жатқанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды