Қазақстанда коронавирус жұқтыру бойынша алда тұрған аймақтар аталды

Сурет: Алматы әкімдігі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші қай өңірлерде айтарлықтай өскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғинияттың айтуынша, 20 маусымнан бастап республикада коронавируспен сырқаттанушылықтың тағы бір өсуі байқалған.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, кейінгі екі аптада ауруға шалдыққандар саны 3,2 есеге артқан. Өткен тәулікте 2021 CVI+ және 1 CVI- жағдайы тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ.

COVID-19 эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінде Нұр-Сұлтан «сары» аймақта, ал жалпы Қазақстан және басқа да өңірлер «жасыл» аймақта.

Аурудың ең көп өсуі елдің алты облысында байқалады. Кейінгі екі аптада сырқаттанушылық бес және одан да көп есе өсті. Соның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында алты есе, Қостанай облысында бес есе өсті.Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният

Оның айтуынша, аурушаңдық үштен бес есеге дейін өскен өңірлердің екінші тобына бес облыс кіреді. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сырқаттанушылық үш есеге дейін өскені еліміздің қалған алты өңірінде байқалады. Кейінгі екі аптада Алматыда коронавирус жағдайы тұрақтанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды