Кәсіпкерлер оңайлатылған декларацияны 15 тамызға дейін тапсыруы қажет

Сурет: pexels
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде оңайлатылған салық декларациясын тапсыруға небәрі 12 күн қалғанын ескертті.
Бизнес субъектілеріне бірінші жартыжылдыққа арналған оңайлатылған декларацияны (910.00-нысан) 2022 жылғы 15 тамызға дейін тапсыру қажет екенін еске саламыз.Мемлекеттік кірістер комитеті

Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ұсынуы қажет.

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

Комитет өкілдері есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес берді. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске салды.

Жалпы, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер саны – 1 187 554, оның ішінде дара кәсіпкерлер – 1 047 586, заңды тұлғалар – 139 968.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды