Ай бойы тамақтанбауы мүмкін: Алматы зообағы қолтырауындардың не жейтінін көрсетті

Сурет: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағы әлеуметтік желіде қолтырауындарды тамақтандыру процесі түсірілген видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Алматы хайуанаттар бағының Telegram-дағы каналында жарияланды. Қолтырауындар әдетте ет, балық жейді. Бақ қызметкерлері оларды аптасына бір рет тамақтандырады. Тіпті қолтырауындардың айлап тамақ ішпейтін кездері де болады екен.

Сонымен қатар Алматы хайуанаттар бағы тасбақаларды қалай тамақтандыратынын көрсетті.

29 шілдеде Алматы хайуанаттар бағы бұл күннің бүкіл әлемде жыл сайын Халықаралық жолбарыстар күні ретінде атап өтілетінін еске салып, әлеуметтік желіде жыртқыш аңдар түсірілген түрлі-түсті бейнероликті жариялаған еді.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды