Орталық Қазақстаннан табылған үш аяқты қазан тексеру үшін шетелге жолданады

Сурет: видеодан алынды
Қарағанды археологтары біздің заманымызға дейінгі 2 жарым мың жыл бұрынғы дәуірге жататын бірегей олжа тапты. Мамандар Талды тарихи археолоогиялық паркінен табылған іші ат әбзелдеріне толы қазанды зерттеу көптеген құнды мәлімет беретініне сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иілген үш аяқты, мыстан құйылған жәдігер - Орталық Қазақстанда табылған алғашқы қазан. Ол хан ордасынан 200 метрде қорғандардың ішінде емес, бөлек көмілген екен. Мұндай қазандар көбіне Жетісу өңірінен табылатын. Археологтар бұл сақ дәуірінде орталық пен оңтүстік елі арасында тығыз байланыс болғанының дәлелі дейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  

Қазаннан шыққан топырақ араласқан металдың шіріген бөлігіне әлі ешкім тиісе алмаған. Сыртындағы күйеден де ақпарат алу қажет. Оны зерттеу үшін қазан  радиокөміртекті анализ жасайтын Польша, Литва немесе Ирландияға жіберілуі мүмкін.

Қазіргі ғылым талаптары жоғары ғой. Бірден бәрін жұлып алмай, рентгенге түсірдік, КТА-дан өткіздік. Кейінгі технологияны пайдаланып зерттеу жүргізіледі. Мұның ішінен біраз құнды қызық дүние табылады деп есептейміз.«Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ директоры Түлкібай Төлеуов
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды