Енді ауруханаға жатқызу кезінде ПТР тестін тапсыру қажет емес

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен ауруханалардағы медициналық көмек көрсету стандартына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жоспарлы госпитализация кезінде коронавирусқа ПТР тестілеуден өту және науқасты шұғыл госпитализациялау кезінде CVI-ға экспресс-тест жасау талаптары алынып тасталды.

Сонымен жаңа түзетулерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары белгіленген:

Демек электронды үкімет порталы арқылы санаториялық-курорттық емделу қажеттігі туралы қорытынды алуға болады, – делінген хабарламада.

Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда МСАК денсаулық сақтау ұйымының дәрігері санаториялық-курорттық картаны ресімдейді. Оған бөлім меңгерушісі қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманына береді.

Одан кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне медициналық ұйымның уәкілетті тұлғасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.

Бұйрық 2022 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды