БАҚ: АҚШ-та маймыл шешегіне байланысты төтенше жағдай жарияланады

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрлігі маймыл шешегінің таралуын денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешім ауруға қарсы вакцинаның таралуын жеделдетуге көмектесуі керек, деп жазды Wall Street Journal басылымы.

Мәлімдемені Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі Хавьер Бессера жасайды.

Мен маймыл шешегіне байланысты қоғамдық денсаулық сақтауда төтенше жағдай жариялаймын. Біз вирусқа қарсы әрекетімізді келесі деңгейге көтеруге дайынбыз және әрбір америкалықты маймыл шешегіне атүсті қарамауға шақырамыз. АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі Хавьер Бесерра

Министр атап өткендей, АҚШ-та 6,6 мың вирус жұқтырушы тіркелген.

2 тамызда Калифорнияда маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл шара елде вакцинацияны насихаттау мақсатында қолға алынып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) маймыл шешегін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Ұйым таратқан ақапартқа сәйкес, 23 шілдедегі мәлімет бойынша, әлемнің 70-тен астам елінде маймыл шешегінің 14 мыңға жуық жағдайы тіркеліп, бес адам қайтыс болды.

АҚШ
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды