10 тамыз – дүниежүзілік арыстан күні

Сурет: unsplash
Бүгін бүкіл әлемде жабайы фаунаның осы сымбатты әрі күшті өкілдері –арыстандарға адамдардың назарын аудару үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Өйткені дәл қазір арыстандарға үлкен қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Территория үшін күресте арыстандардың басты қарсыласы адам болып есептеледі. Біз бұл жануардың аңшылық алқабын егін өсіруге, мал бағуға немесе басқа да мақсатта алып жатырмыз. Ал оның орнына аңдарға жаңа аймақ ұсына алмаймыз. Арыстандар мен адам арасындағы осындайқақтығыс көбейіп, салдарынан арыстандар азайып барады.

Арыстандар Африкада кеңінен танымал. Африканың бірқатар елдерінде осы мерекеге орай түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Алматы хайуанаттар бағы бүгін Арыстандар күні екенін хабарлап, қазір зообақта қанша арыстан бар екенін айтты. Зообақта бүгінде алты «табиғат патшасы» тұрады: төрт еркек пен екі ұрғашы.

Ең үлкені – Хамзат, ол 7 жаста. Ал бес жасар Арси мен Лили – келушілерді таңғалдыратын таңғажайып жұп. Олардың арасында әрқашан махаббат пен келісім орнайды. Хаби 4 жаста, Симба 3 жаста. Ең кішісі – Санни, ол әлі бір жасқа толмады. Хайуанаттар бағы – табиғат заңдары қолданылатын кішкентай әлем. Ал мұндағы арыстандар – нағыз патшалар. Сымбаттыларымызды бүгінгі күнімен шын жүректен құттықтап, бар жақсыны тілейміз, – деп жазды Алматы хауанаттар бағы Telegram-дағы каналында.
Алматы
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды