БАҚ: Ақ үй Байден мен Си Цзиньпиннің кездесуін ұйымдастыру шараларын қолға алды

Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ президенті Джо Байден қараша айында Ақ үйдің басшысы болып сайланғаннан бері бірінші рет ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүзбе-жүз кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Wall Street Journal газетінің хабарлауынша, Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі осындай мәлімдеме жасады. Шенеунік АҚШ президенті ҚХР төрағасымен болған соңғы әңгіме барысында жекелей кездесу мүмкіндігін талқылағанын айтты.

Жуырда телефон арқылы соңғы рет сөйлескен кезде олар жүзбе-жүз кездесу мүмкіндігін сөз етіп, өз командалары бұл мәселені нақтылау үшін талқылау өткізуге келіскен, деп басылым шенеунік сөзін келтіреді.

Екі ел көшбасшылары кездесуін ұйымдастыруға қатысушы ресми тұлғалар, Си Цзиньпин алдымен Қытай Коммунистік партиясының съезін өткізіп алып, содан кейін 15-16 қарашада Бали аралында өтетін G20 саммитіне қатысатынын мәлімдеді. Сол жерден ол АТЭС саммитіне қатысу үшін Бангкокқа ұшып кетеді.

Қытай
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды