Нұр-Сұлтанда үш жігіттен есірткі мен тапанша табылды

Сурет: polisia.kz
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Рысқұлбеков көшесіндегі үйдің ауласында ВАЗ 2115 aвтокөлігін тоқтатты, оның салонында үш жас жігіт болған. Көлікті тексеру кезінде жолаушы орындығынан тапаншаға ұқсас зат пен есірткі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz басылымы таратқан ақпарат бойынша, жолаушылардың бірінің барсеткасынан 48 құтыда өсімдік тектес есірткі заты табылды, ол «гашиш» болуы мүмкін. Заттың жалпы салмағы 47,10 грамм.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды. Қаруды заңсыз алып жүргені үшін күдіктілерге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ал есірткіге келер болсақ, ол бойынша 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды