Қоғам белсенділері Нұр-Сұлтанда құрылыстарды тоқтатуды талап етті

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда Menin elim dala қоғамдық бірлестігінің белсенділері «Астана – балаларға жайлы қала» деген атаумен рұқсат етілген митинг өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы кездері қиыншылықтарды жиі бастан кешіріп жатырмыз, балаларымызды балабақша мен мектепке орналастыра алмаймыз, емханада ұзын-сонар кезекте тұрамыз, балаларға спортпен айналысатын орындар жоқ. Зәулім спорт кешендері салынды, бірақ оған бере алмайсың. Митингті ұйымдастырушы Виолетта Мауль

Спикер бүгін қаланың қамқор тұрғындары балалардың құқығын және тұрғындардың жайлылығын қорғау үшін рұқсат етілген митингіге шыққанын айтты.

Сурет: Zakon.kz

Митинг ұйымдастырушысының айтуынша, бітпейтін құрылыс нысандарынан қала күннен-күнге ластанып, жайсыз болып барады, тұрғындарды «тас джунгли» қоршап алғандай.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ ұйым белсенділері бүгінде Қазақстандағы төрт пен 17 жас аралығындағы балалардың Artsport бағдарламасы 10 пайызын ғана қамтып отырғанын, сондықтан 90 пайыз балалардың ата-анасы үйірмелер мен секциялар үшін ақша төлеуге, кезекке тұрып, күтуге мәжбүр екенін атап өтті.

Рұқсат етілген митингке депутат Ирина Смирнова да қатысты.

Қала адамдарға да, балаларға да ыңғайлы болу керек. Бірақ бұл қала ыңғайлы ма? Мектептер салынбай жатыр, орнына қаптаған үйлер салынуда. Балабақшалар жетіспейді, балаларға кезек 18 жасында келеді. Саябақтар мен тегін спорт кешендері жоқ, өйткені шенеуніктер мұндай мекемелердің орнына елді мекендер салуды бұйырады. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова

Жаңбырға қарамастан митингке 100-ге жуық адам жиналды.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды