Оралда есірткі таратқан оқушы 7 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Қаладағы станция маңын тексеру кезінде 19 жастағы жас жігіт пен оның 15 жастағы сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың оралған ұнтақты тал-терек арасына жасырғандығы анықталды. Сараптама қорытындысында ұсталғандардан алынған зат 11 грамм психотроптық есірткі болып шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Күдіктілер өз саудасын Telegram арналарының бірінде жүргізген. Орал станциясының желілік полиция бөлімі істі тергеп, сотқа жолдады.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 19 жастағы тұлғаға қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал 15 жастағы жасөспірім 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Данияр Сатыбаев, Орал станциясы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды