Іле-Алатау шатқалында шетел азаматы әскери қызметшілерге оқ атты

Сурет: gov.kz
24 тамызда кешке ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің шекарашылары Кеген ауданындағы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен мемлекеттік шекараны бұзып өткен шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шекара нарядының "тоқта" және "құжатыңды көрсет" деген талабын естіген шекара бұзушы өзінің аңшы қаруымен әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсеткен және ізін суытуға тырысқан.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді, олар шекараның таулы учаскесін күзету бойынша қызметтерін жалғастырды.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК әскери қызметшілердің көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып, оларды көтермелеу мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды