Алматының Сейфуллин даңғылында көлік жүрісі уақытша шектеледі

Сурет: Zakon.kz
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 1 қыркүйек пен 3 қыркүйек аралығында Сейфуллин даңғылының кейбір бөлігі уақытша жабылады. Қалалық мобилділік басқармасы тұрғындарды бағытты алдын ала жоспарлауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқарманың хабарлауынша, Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 31 тамыз сағат 23:00 мен 1 қыркүйек сағат 7:00 аралығында Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде; 1 қыркүйек сағат 23:00 мен 2 қыркүйек сағат 07:00 Құрманғазы көшесінен Қабанбай Батыр көшесіне дейінгі бөлігінде; сондай-ақ 2 қыркүйек сағат 23:00 мен 3 қыркүйек сағат 07:00 аралығында Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі толық шектеледі.

Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Алматы қалалық мобилділік басқармасы қала тұрғындарынан қолайсыздық үшін кешірім өтініп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды