Қазақстанда қар жауып, ауа температурасы құбылады

Медео, Медеу, канатная дорога на Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, холод, высокогорный спортивный комплекс, горный курорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 15:33 Фото: akorda.kz
Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райы Атлант мұхитынан келетін циклон мен белсенді атмосфералық фронттардың ықпалымен қалыптасады. Бұл бірқатар өңірлерде қар жаууына, оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашынға, боранға және желдің күшеюіне алып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің 2026 жылғы 24, 25 және 26 қаңтарға арналған болжамына сәйкес, циклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын Қазақстанның басым бөлігіне жылы ауа массалары енеді. Соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • орталық және шығыс өңірлерде түнде –5…–18°С;
  • оңтүстік-шығыста –2…–7°С;
  • таулы аймақтарда –7…–15°С.

Алайда солтүстік облыстарда аязды ауа райы сақталып, түнгі температура –20…–35°С шамасында болады.

Сонымен қатар, құрамында суық арктикалық ауа бар антициклон сілемі елдің батыс бөлігіне таралып, ауа температурасының төмендеуіне себеп болады:

  • батыс өңірлерде түнде –15…–30°С;
  • солтүстік-батыста –20…–35°С.

Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты 23 қаңтар күні Астанада бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқуға көшетіні хабарланған болатын.

Сондай-ақ 23–25 қаңтар аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын құбылмалы қысқы ауа райы күтіп тұр: ауа температурасы ауытқып, екпінді жел салқынды одан әрі күшейтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: