Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 14:40 Фото: Zakon.kz
Алдағы күндері, 20–22 қараша 2025 жыл аралығында, Қазақстанның көп өңірінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғып, көктайғақ пен күшті жел күтіледі.

"Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалында жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Республика бойынша тұман түсуі де ықтимал.

Температуралық фон айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.

Бұған дейін алматылықтар мен шымкенттіктерге ауа райы қолайлы болатыны хабарланған еді: 19–21 қараша күндері бұл қалаларда күн шуақты болып, температура +16…+18°С-қа дейін жылынады. Ал Астанада керісінше, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Аязды түндерге қарамастан, күндіз бас қалада салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: