Кәсіпкерлікті қолдауда шетел тәжірибесі ескеріледі

Сурет: pexels
Шағын және орта бизнесті несиелеу тетіктерін іске асыру үшін ірі қаржылық ұйымдарды жұмылдыру қажет. Өйткені кәсіпкерлер мен банктер өзара келісімге келуі қиын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экономика саласының сарапшысы Вячеслав Додонов осындай пікірде. Мемлекет басшысы Жолдауында осы түйткілге баса мән берді.

Атап айтсақ, елімізде шағын және орта кәсіпті дамытуда 42 миллиард доллар қаржы жетіспейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Банктерде қаржы бар, алайда олар несие бермеу арқылы ел экономикасына серпін бермей отыр.

Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке бірқатар тапсырма берді. Шетел тәжірибесін ескеруді айтты.

Ең алдымен, кәсіпкерлер бизнес жоспарды сауатты жасап үйренуі керек. Олар ақша алуға өтініш берудің жолдарын білмей жатады. Бұл ретте, ірі қаржылық ұйымдардың консультациялық, яғни, дәнекерлік қолдауы қажет. Бұл тікелей Ұлттық банктің жұмысы. Вячеслав Додонов, экономист
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды