Ең жоғарғы жылдық инфляция Маңғыстау облысында тіркелді

Сурет: Zakon.kz
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәлімет бойынша, Маңғыстау облысында жылдық инфляция 19,3% болды, ол республикалық деңгейден 3,2 пайыздық тармаққа жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистика бюросының мәліметінше, ең төмені жылдық инфляция Алматы облысында байқалды – 13,6% (2,5 пайыздық тармаққа төмен).

Тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық-түлік тауарларының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында – 25,8%, ең төмені Алматы облысында байқалды – 18,4% .

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар жылдық мәнде Нұр-Сұлтан қаласында ең көп қымбаттады – 21,6%-ға, ең азы Алматы қаласында – 12,5%. Айта кетейік, ҚР бойынша азық түлік емес тауарлар тамыз айында былтырғы сәйкес айға қарағанда 15,5% қымбаттаған.

Ақылы қызметтердің құны бір жыл ішінде Ұлытау облысында 15,8%-ға өсті, ал Ақтөбе облысында республикалық деңгейден 3,8 пайыздық тармаққа төмен болып шығып, 6,3% құрады.

Алматы
Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды