Энергетика министрі дизель отыны неліктен тапшы болғанын айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында елдегі дизель отынына қатысты жағдайға тоқталды. Министрдің айтуынша, қазіргі жағдайға ешкімді кінәлауға болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сандарға қарасақ, бізде тапшылық жоқ. Сұрақтар заңсыз ағынға, "сұр" экспортқа, контрабандаларға қатысты. Тұтынудың мұндай артуы бір жерде зауыттардың үлгермеуіне әкелді. Логистикаға, вагондарды жеткізуге қатысты сұрақтар болды. Бұған біз де тап болдық.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Оның айтуынша, қазіргі жағдайға біреуді ғана кінәлау дұрыс емес. Барлығы Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайгаз" және ҚТЖ бірлескен жұмысына байланысты, деді министр. Мысалы, Энергетика министрлігі мен ҚМГ құзіреті отын өндіру болса, ҚТЖ оны уақытында жөнелту, өңірлерге жанармай жеткізуге жауап береді.

Вагондар үздіксіз тиеледі. Бұрын тәулігіне 15 мың тиесек, қазір 20 мыңға жеттік. Бұл - өте үлкен жанармай, кешенді жұмыс. Болашақта мұндай жағдай қайталанбауы үшін жүйені әзірлеуіміз керек.Болат Ақшолақов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды