Маск Трампты Twitter-ге қосу-қоспау керектігі туралы сауалнаманы ортаға ұсынды

Сурет: Instagram/realdonaldtrump
Twitter әлеуметтік желісінің жаңа қожайыны Илон Маск АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың аккаунтын қалпына келтіру керектігі-керек еместігіне қатысты сауалнаманы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Twitter-дегі өз парақшасында осындай мазмұндағы сауалнаманы жариялады.

"Бұрынғы президент Трампты қалпына келтіру керек пе", – деп жазды Маск.

Төменгі жағында екі жауап көрсетілген: иә немесе жоқ.

Бұған дейін Трамп өзінің Truth social әлеуметтік желісінде Илон Масктың Twitter-ді сатып алуына қатысты пікір білдіріп, аталған желі басшылығына дұрыс адам келді деп мәлімдеді. Алайда ол Twitter-дегі аккаунты бұғаттан шығарылса, ол оны пайдаланатын-пайдаланбайтындығына қатысты ләм-мим деп жақ ашпады.

Сайлауда жеңіліске ұшыраған Ақ үйдің басшысы 2021 жылдың 6 қаңтарында Вашингтондағы тәртіпсіздіктерден кейін әлеуметтік желідегі парақшасы жойылды. Трамптың жақтастары конгресс бекіткен демократ Джо Байденне кедергі келтіріп, Капитолийге шабуыл жасады.

Сауалнама 24 сағатқа созылады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды