Ел тарихындағы елеулі оқиғада көп балалы аналар отбасымен дауыс берді

Сурет: zakon.kz
Болашақ – дені сау ұлт. Ертеңгі күннен зор үміт күткен көп балалы аналарр да ана мен бала өміріне айрықша көңіл бөлінеді деп өз дауыстарын берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көпбалалы аналар – Ержанова Сапура мен Жорабаева Мадина басты саяси шарада таңдауларын жасады.

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекетіміз қай кезде де аналарға құрметпен қарап, қолдауын аяған емес. Соның арқасында бүгінде демографиялық жағдай түзеліп, тұрғындардың саны күн санап артуда. Бұрнағы кезі армандай көрінген медицинамыз да, әлеуметтік сала тынысы да кеңейіп, ана мен бала өмірі мен саулығы үшін барлық жағдай жасалуда. Бұл әрине егемендігіміздің жемісі екені анық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болмаса мұндай күнге жетпесіміз де түсінікті. Енді осы дамудың даңғыл жолына керілген желкенімізді одан әрі баянды ету үшін мықты Президент пен әділетті Қазақстан қажет. Сондықтан елімізде өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауын қолдаймын.

Мен бүгін сайлау учаскесіне ұрпағымның келешегі үшін келіп, өз таңдауымды жасадым. Егеменді еліміздің Мемлекет басшысы болып сайланған адам бұған дейінгі жүргізілген сарабдал саясатты жалғайды деп сенемін. Ең бастысы, ана мен бала өміріне айрықша көңіл бөледі деген үміт зор. Біз сияқты көпбалалы аналардың бар тілеуі - осы. Мадина Жорабаева
Қазақстан
Президент сайлауы — 2022

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды