Сақырлаған сары аяз келіп жетіп, ШҚО-да да жылу желілері сыр бере бастады

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29 қарашада Өскеменде түнде -43 градус аяз болады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аяздың күшейгені сонша, тіпті  "Өскемен жылу электр орталығы" да сыр бере бастады. Мекеме желісіндегі су айналымы 1000 тоннаға ұлғайып, бұның соңы жылу деңгейінің төмендеуіне әкелген. Сондықтан желіде "пәтеріміз салқындап кетті" деген шағым көбейген. Дегенмен жылу станциясы өздерінде ақау болғанын жасырмады. Қазандық агергаттарының бірінде датчик істен шыққан. Бірақ екі сағат ішінде жөнделген. Енді су айналымы қалыпқа келгенше шыдауға тура келеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір станция қызметі штаттық режімде. 7 қазандық 6 турбоагрегат жұмысы істеп тұр. Дегенмен жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Станция қуатын азайтып, керісінше желідегі темпереатураны арттыруға мүмкіндік жасадық. Ішкі шаралар аяқталған соң, барлығы реттеледі."Өскемен ЖЭО" ЖШС аға инженері Евгений Васильев

Айта кетсек, 27 қарашада Екібастұз қаласы жылусыз әрі ыстық сусыз қалған. Оған себеп - жылу желілеріндегі шұрық-тесік ақаулар.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды