Әзірбайжан балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазаны қатайтады

Сурет: polisia.kz
14 жасқа толмаған адамға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай түзетулер Әзірбайжанның Қылмыстық кодексіне ұсынылған түзетуде көрсетілген. Түзетулер Әзірбайжан парламентінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды trend.az.

Заң жобасына сәйкес, 14 жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қолдану белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен немесе 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Және 3 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Еліміздің қолданыстағы Қылмыстық кодексіне сәйкес, қылмыс 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды