Петропавлда су құбыры желісінде тағы апат орын алды

Сурет: pixabay
Петропавлдағы су құбыры желісінде құбыр жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Руслан Анбаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Құрметті қала тұрғындары. Жұмабаев көшесі бойынша су құбыры жарылды. "Қызылжар су" ЖШС апатты-қалпына келтіру бригадасы ақауды жою жұмыстарын бастады. Мен қазір оқиға орнындамын. Су құбыры краны жабылды, мамандар себебін анықтап жатыр. Қазіргі уақытта қаланың көп бөлігінде су желісіндегі қысым төмендеген. Петропавл қаласының әкімі Руслан Анбаев

Шамамен 15 үй судан ажыратылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы және ПХБК және "Севказэнерго" АҚ да сусыз қалып отыр.

Қала мүлдем сусыз қалмайды. Бірнеше сағаттан кейін біз судың қысымын біртіндеп көтереміз. Апат орын алған учаскедегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су жеткізу жүзеге асырылып жатыр. Петропавл қаласының әкімі Руслан Анбаев

6 қарашада Петропавлда қар жауғаннан кейін су құбыры зақымданған. 14 үйге су беру уақытша тоқтатылды, қала бойынша су желісіндегі қысым төмендеді.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды