Ақтауда әскери қызметкердің пәтерінде белгісіз зат жарылды

Сурет: Zakon.kz
Ақтаудағы үйлердің бірінде белгісіз зат жарылып, әскери қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай 2022 жылғы 3 желтоқсанда болған.

"Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкері үйде болған кезде белгісіз заттың жарылуы салдарынан зардап шекті, әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомство өкілдері.

Баспасөз қызметі басқа ақпарат "тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін" айтты.

Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайынан хабардар етті.

"1988 жылы туған науқастың жағдайы орташа ауыр, сол жақ білезік буынына ампутация жасалды, беті күйген, денесі, қолы және аяғы жараланған. Көз аймағын күйік шалған, конъюнктивит бар. Науқас көре алады, ести алады, сөйлей алады. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы Гүлмира Сүтубаева

Ол науқас бүгін жансақтау бөлімінен травматологияға ауыстырылғанын айтты.

lada.kz сайтының жазуынша, түскі ас кезінде 27-шағын аудандағы №46 үйдің пәтерлерінің бірінде қатты гүріл естілген, жарылыс екпінен терезелер ұшып кеткен. Үй тұрғындарының айтуынша, зардап шеккен әскери қызметкер ол пәтерде отбасымен бірге тұрады.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды