Тұрақтылық пен татулық бастауы — келісім

Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы
25 қазан — Республика күні аясында атқарылып жатқан шаралардың маңызы айрықша. Татулық пен тұрақтылықтың төрі болған "Достық" үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының "Сотсыз татуласу орталығы қызметін қамтамасыз ету" әлеуметтік жобасы аясында облыстық медиаторлар форумы басталды.

Елдігімізді айқындайтын мемлекеттік Гимн орындалуы шара маңыздылығын арттыра түскендей.

"Баршаңызды алда келе жатқан 25 қазан - Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған облыстық медиаторлар форумының маңызы ерекше. Елімізде медиация институтын дамыту, сотқа дейінгі және соттағы татуластыру рәсімдерін жандандыру шаралары мемлекеттік деңгейде үлкен қолдауға ие және соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді", – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов.

Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы

Сурет: Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы

Тәжірибесі мен біліктілігі ел бірлігін сақтаудың бір арнасы болып жүрген бірқатар кәсіби медиатор облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды