Қазақстандықтар IPO акцияларын сатып алуға қанша өтініш берді

Сурет: Zakon.kz
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында қазақстандықтар "ҚазМұнайГаз" IPO аясында 74,6 млрд теңгеге өтінім бергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы "ҚазМұнайГаздың" IPO қорытындысына жеке тоқталды.

"Кеше директорлар кеңесі мен үкіметтің ҚМГ акцияларын иеліктен шығару туралы түпкілікті шешімі қабылданды. Өтініштер 9 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданды. Қазақстан азаматтарының өтініштерін қанағаттандыруға басымдық берілді. Азаматтарымыздан келген өтініштердің жалпы саны - 128,7 мың. Жалпы сомасы - 74,6 млрд теңге". Алмасадам Сәтқалиев

Ол 2023-2024 жылдары қор IPO/SPO-ға көбірек портфельдік компанияларды – "Air Astana", "KEGOC", "Самұрық-Энергоның" жасыл активтерінің портфелі – QazaqGreenPower plc жобалық компаниясын шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. 2024-2025 жылдары – ҚазақГаз. Ал 2025 жылы – Қазақстан темір жолы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды