Атырауда көлігімен дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды

Сурет: видеодан скриншот
Атырауда Mercedes көлігінің жүргізушісі әуежайдың көлік тұрағында дрифт жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 желтоқсан күні сағат 23:38 шамасында Атырау әуежайының автотұрағында болған. Бұл жағдайды жедел басқару орталығының қызметкерлері байқап қалған.

"Ол жерге патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Тексеру барысында 2002 жылы туған көлік жүргізушісі анықталып, оған үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі (Маневр жасау ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды". Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау керек екенін ескертті.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды