Қазақстанда аяз біртіндеп әлсірейтіні болжанды

Сурет: unsplash
Синоптиктер 7-10 желтоқсанында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, ауа температурасы төмендейді, қалың қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, бірқатар өңірлерде аяздың біртіндеп әлсіреуі болжанып отыр:

батыста түнде -5...-15°С, күндіз 0...-5°С дейін;

солтүстікте түнде -18...-28°С, күндіз -12...-17°С дейін;

орталықта және шығыста түнде -22...-30°С, күндіз -13...-20°С дейін;

оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -13...-25°С, күндіз -8...-18°С дейін.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде негізінен құрғақ ауа райы сақталады.


"Республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде қар жауып, аздаған бұрқасын болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қалың қар жауады"."Қазгидромет" РМК
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды