Ауғанстанда тәліптер алғаш рет көпшілік алдында өлім жазасын қолданды

Сурет: Twitter/ذبـــــیح
Ауғанстан билігіне келгелі бері "Талибан" қозғалысы * алғаш рет көпшілік алдында өлім жазасын қолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 7 желтоқсанда аталған қозғалыс өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді, деп жазады The Washington Post.

Тәліптер бес жыл бұрын кісі өлтіріп, мотоцикл мен ұялы телефон ұрлаған ауған азаматын өлім жазасына кескен.

Өлім жазасы көпшілік алдында жүзеге асырылды. Оған жергілікті халықпен қатар, мемлекеттік шенеуніктер де қатысты.

Мужахидтің айтуынша, өлім жазасына "Талибанның" жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада Мужахид өз келісімін берген. Бұл шешім үш соттың төрелігінен өткеннен кейін "өте ыждаһаттылықпен" қабылданған.

Жазаны жүзеге асыру орыны ретінде Фарах провинциясының әкімшілік орталығы таңдап алынды.

Тәліптер АҚШ өз контингентін Ауғанстаннан әкеткен кейін 2021 жылдың тамызында билікке келді.

* Қазақстанда тыйым салынған ұйым

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды