Футболдан ӘЧ-2022: Ұлыбритания премьер-министрі француздарға сәттілік тіледі

Сурет: Twitter/RishiSuna
Футболдан 1/4 финалында Англия құрамасы Франциядан ұтылып қалғаннан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак желіде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кейн және оның командасы ойынға барын салып, қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ бұл жеткіліксіз болып шықты. Бүгіндері олар басын тік ұстап жүре алады. Еңсені түсірудің керегі жоқ. Келесі ойында Францияға сәттілік тілеймін", - деп жазды Сунак Twitter-де.


Айта кетсек, 10 желтоқсанда Қатарда футболдан өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жартылай финалға шығатын соңғы команда анықталды. Бұл ойында Франция құрамасы ағылшындарды 2-1 есебімен ұтып кеткен болатын. 

Енді жартылай финалда Франция алдында ғана Португалияны сенсациялық түрде жеңген Марокко командасымен кездеседі.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды