Петропавлда суық су құбыры жарылды

Сурет: pexels
Петропавлдағы 314 атқыштар дивизиясы көшесінің бойында 12 желтоқсанға қараған түні D800 мм суық су құбыры жарылды. Бұл туралы Петропавл қаласының әкімі Руслан Анбаев Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім ақау болған жер анықталғанын айтты.

"Қазір "Қызылжар су" ЖШС бүлінген жерді жөндеп жатыр. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін қалаға Пестрое жағынан кіретін жол уақытша жабылды. Береке шағын ауданы мен Рабочий ауылын қоспағанда қаладағы су құбырының қысымы қалпына келтіріліп жатыр", - деді Руслан Анбаев.

Мамандар бұл аймақтардағы қысымды күшейту үшін шара қолданып жатыр. Құбыр толығымен қалпына келгенше тұрғындарға су жеткізіледі. Әкім бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

1 желтоқсанда Петропавлда су құбыры үзілді. Соның салдарынан көшелерді су басып, жүздеген тұрғын сусыз қалды. 15 көпқабатты үйдің тұрғындары, сонымен қатар әлеуметтік нысандар зардап шекті. Барлық қала бойынша құбырлардағы қысымды төмендетуге тура келді.

6 қарашада Петропавлда қар жауғаннан кейін су құбыры бұзылып үлгерді. 14 үйде су уақытша өшіріліп, қаладағы қысым төмендеді.

Петропавлда су құбыры жарылар алдында құбыр жөнделді. Апат жаңа жабдықта болған.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды