Түркияда тағы жарылыс болып, 8 полиция қызметкері жараланды

Сурет: Twitter/TTAgrup
Диярбакырда ОМОН қызметкерлері мінген автобус өтіп бара жатқанда ұйымдастырылған лаңкестік шабуылда 9 адам, оның ішінде 8 полиция қызметкері жараланды. Осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін 5 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылыс 15 желтоқсанда болды. 8 полиция қызметкері және тағы бір адам жедел жәрдеммен ауруханаларға жеткізілді. 7 адам ем алған соң үйіне жіберілді, ал 2 адам емделіп жатыр, деп жазды Anadolu.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың айтуынша, жарылыс Диярбакырда кезекшілік кезінде полиция көлігі өтіп бара жатқанда тоқтап тұрған көлікте болған.


Сақтық шарасы ретінде полиция қызметкерлері ауруханаға жеткізіліп, амбулаторлық тексеруден өтті.

Министр зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

4 желтоқсанда Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті.


Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды