Назарбаев Қағбаға алғаш кіргенде не тілегені туралы айтты

Сурет: архив видео скрині
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қағбаға бірінші кіргенде не тілегенін еске алды. Ол сонымен бірге бұл тілегі қазір орындалып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бұрынғы президенті Астанадағы өзі салған ғимарат - бас мешітте жұма намазынан кейін жұртшылық алдында сөз сөйледі. Оның айтуынша, мұндай зәулім мешіт "еш жерде" жоқ.

"Баяғыда Византия патшасы Константин Айя-Софияны салғанда Сүлеймен патшаға "Мен сенен де үлкен мешіт салам" деп айтқан екен. Мен де Константинге "Сенен де үлкен мешіт салдым" деп айтуыма болады екен. Айтылған сөздер, тілектің бәрі Алланың құлағына шалынсын. Алла кешірімді, мейірімді. Біліп-білмей істеген күнәларым болса, кешірсін", - деді ол.

Ол сонымен бірге Қағбаға  (мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат)  алғаш кіргенде не тілегенін еске алды.

"Баяғыда Қағбаның ішіне бірінші рет кіргенімде бірінші "Қазағыма бақыт-береке, болашақ бере гөр" дегем. Бұл, мінекей, келе жатыр. Ризамын. Аман болыңыздар! Жүздерің жарқын болсын, жанұяларыңмен бәрің бақытты болыңдар!", - деді Назарбаев.

Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды