Таиландтың патшасы мен патшайымы коронавирус жұқтырды

Сурет: royaloffice.th
Таиландтың патшасы Маха Важиралонгкорн (Рама X) мен патшайымы Сутида коронавирус жұқтырды. Бұл жөнінде Патша сарайының бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 желтоқсанда патша мен патшайым коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Оларда сырқат жеңіл өтіп жатыр.

Дәрігер ерлі-зайыптыларға патша міндеттерін орындаудан уақытша бас тартуға және дәрі-дәрмек ішуге кеңес берді.

Таиланд COVID-тің алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Соңғы уақытта, әсіресе, елдің туристік провинцияларында сырқаттанушылар саны өскені байқалды. Ел билігі Жаңа жылды тойлау кезінде бірқатар шектеулер енгізді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды