35 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн суиды

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 22-24 желтоқсанында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

"Синоптикалық процестердің жылдам өзгеруі ауа температурасының күрт секіруіне ықпал етеді. Дәлірек айтқанда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасының ауытқуы 23 желтоқсанға қараған түні -20 ... -35 ° C-қа дейін төмендейді. 24 желтоқсанда түнде -5 ..-20°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде, болжам бойынша, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды