Ақтау гарнизонының әскери қызметкері 11 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді

Сурет: pixabay
Ақтау гарнизонының әскери қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді әскери тергеу органдары жүргізіп жатыр. Ол қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпартты InAktau.kz басылымына ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі ("Зорлау") және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 3-бөлігі ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша жүргізіліп жатыр.

"Әскери қызметшіге сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің балаларға жасаған басқа зорлық-зомбылық фактілері тіркелген жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды". Бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев

Бейресми деректерге сүйенсек, күдікті теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Жәбірленуші 11 жаста. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері жарты жылдай жалғасқан. Отбасынада тағы бір қыз бар, болған жайтты сол қыз камераға түсірім алған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды