Жапония бірнеше күн қатарынан жауған қалың қардан жапа шегіп жатыр

Сурет: pixabay
Жапонияда жауған қалың қардың кесірінен екі адам қаза тауып, бірнеше көлік жолда қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ниигата префектурасында қолайсыз күн райынан екі адам қайтыс болды, деп мәлімдеді Хабар 24 арнасы. 80 жастағы ер адам қар күреп жүріп, өзенге құлап мерт болса, 27 жастағы әйел көлік ішінде жылынам деп газға уланып қалған.

Сонымен қатар қалың қардан жүздеген көлік жолда қалды. Жолдарды тазалауға өзін-өзі қорғау күштерінің сарбаздары жұмылдырылды.

Сондақ-ақ елде бірнеше бағыттағы пойыздар тоқтатылды. Бұған қоса 20 мыңға жуық шаруашылық жарықсыз қалды.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды