Талдықорғандағы журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Сурет: Facebook/Есболат Айдабосын
Талдықорғандық журналистер енді белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің құрметіне аталған журналистер үйінде жұмыс істейді деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты журналистер үйіндегі БАҚ саласының қызметкерлері қуана хабарлап жатыр. Журналист Есболат Айдабосын жағымды жаңалықты Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

"Ал құтты, қайырлы болсын!", - деп жазды ол.

Өзге әріптестері оның тілегіне қосылып, марқұм Бейсен Құранбектің рухы асқақтағанын айтып жатыр.

Бейсен Құранбек - журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші. Қазақстан Ұлттық арнасында бұрын көрсетілген "Айтуға оңай" бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі болған. Ол осы бағдарлама арқылы ел есінде қалды. Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры болған. Сонымен қатар ол ҚР Мәдениет қайраткері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Талдықорғанның құрметті азаматы.

Журналист 2020 жылы 18 мамырда қайтыс болды.

Талдықорған
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды