Солтүстік Америкада дауыл салдарынан 50 адам қайтыс болды

Сурет: pixabay
АҚШ пен Канадада қатты дауыл салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-та дауыл 46 адамның өмірін қиды, Канаданың Британдық Колумбия провинциясында көктайғақта автобус аударылып, тағы төрт адам қаза тапты, деп жазды Sky News.

АҚШ-та қаза тапқандардың 18-і – Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласының тұрғындары. Ол адамдар дауыл кезінде көлікте қалып қойған.

Ұлттық ауа райы қызметі 25 желтоқсанда Буффало әуежайында 1,2 метрге жуық қар жауғанын хабарлады.

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул демалыс күндері штаттың көптеген жедел жәрдем көлігі мен өрт сөндіру көліктерін қар басып қалғанын мәлімдеді.

Буффало полиция департаменті қарда жүретін көлік иелерінен іздеу-құтқару жұмыстарына көмек сұрап онлайн үндеу жариялады.

АҚШ-та 1,8 миллионға жуық үй жарықсыз қалды, мыңдаған рейс тоқтатылды немесе кешіктірілді. Канадада кем дегенде 140 000 үй электр қуатынсыз қалды.




АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды