Ақмола облысында 100-ге жуық көше атауы қазақшаланды

Сурет: Zakon.kz
Бұдан бөлек 20 елдімекен мен 198 көше қайта тарихи атауын алады. Атап айтсақ, аймақтағы Маринова ауылы Амантай, Ерголка - Тоқтамыс, Самарка - Бөріктал ауылы болып өзгертілмек, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар-24-тің" хабарлауынша, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының 54 көшесін қайта атау мәселесі Республикалық ономастика комиссиясына жолданды. Сондай-ақ 32 білім ошағы мен 1 спорт мектебіне ұлы тұлғалардың есімі беріледі.

Біз елдімекендердің қайта атау барысында негізінен ғылыми деректерге сүйенеміз. Омбы мұрағатынан табылған карталар негізінде жинақталған Ақмола облысының "Топоника" кітабында көптеген дерек келтірілген. Яғни біз өз жұмысымызда осы жинақты басшылыққа аламыз. Елдімекенді қайта атау барысында, ең алдымен, халық арасында түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерде ежелгі атау туралы ақпараттар толық жарияланады. Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айгүл Талпақова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды