Нью-Йоркте 19 жастағы жігіт полиция өкілдеріне қанжармен тап берді

Сурет: pixabay
Жаңа жыл түні Таймс-скверде кезекшілікке алғаш рет шыққан полицейге жас жігіт қанжармен шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нью-Йорк полиция департаменті күдіктіні тексеріп жатыр, деп жазды New York Post.

Дереккөздердің мәліметінше, қала мэрі Пол деп атаған жас полицей басынан соққы алған соң, екінші полицей күдіктіні иығынан атқан. Полдың басынан жарақат алып, бас сүйегі сынған.

Сегіз жылдық тәжірбиесі бар екінші полицейдің де басы жарылған.

19 жастағы жас жігіт ұсталып, ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды шенеуніктерінің айтуынша, полиция оның жақында радикалданған ислам экстремисі емес пе екенін тексеріп жатыр. Мұндай күдік оның хабарламаларын оқыған соң туған.

Екі жаралы офицер де күдікті жатқан Бельвю ауруханасына жеткізілді. 




АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды