Францияда контрацептивтер 26 жасқа толмаған тұрғындар үшін тегін болады

Сурет: pixabay
Енді Францияның дәріханаларында 26 жасқа дейінгі жастарға презервативтер тегін беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция президенті Эммануэль Макрон мұны "профилактикалық денсаулық сақтаудағы шағын революция" деп атады.

Франциядағы жастар арасында жыныстық жолмен берілетін аурулардың (ЖЖБИ) таралуын тоқтатуға бағытталған денсаулық сақтаудың жаңа стратегиясы 1 қаңтарда күшіне енді және оны Макрон желтоқсанда жариялады.

Бастапқыда ол 18-25 жас аралығындағы адамдарға бағытталса, кейін кәмелетке толмағандарға қатысты болды. Жедел контрацепция да 1 қаңтардан бастап барлық әйелге рецептсіз тегін қолжетімді болады.

Денсаулық сақтау басқармасы Францияда жыныстық жолмен берілетін аурулардың жиілігі 2020 және 2021 жылдары шамамен 30%-ға өскенін анықтады. Мұндай шаралар осы деректерден соң қолға алынды.

Бұған дейін Францияда Энергетика министрлігінің ғимараты жылудан ажыратылған еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды