Жамбыл облысында тас жолда 37 бала қар құрсауынан құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖМ
Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдағы жылу пунктіне үлкендер мен балалар жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қаңтарда Жамбыл облысында Алматы-Термез-Ташкент жолының бір бөлігі (574-587 км) жабылды.

Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілері мен жолаушыларға көмек беру мақсатында патрульдеу жүргізіп, Шақпақ асуы аймағында 110 адамды, оның ішінде 37 баланы эвакуациялады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, эвакуацияланғандар М.Жұмабаев атындағы №29 орта мектептің жылу пунктіне жеткізілді. Оларға психологиялық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды