Семейде 5 жасар бала бауырларын құтқарып қалды

Сурет: Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Семей қаласында бес жасар бала "112" пультіне қоңырау шалып, үйден күйіктің исі шығатынын айтқан, сол арқылы ол інілерін түтінге уланудан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 5 қаңтар күні сағат 16: 58-де  5 жасар бала "112" пультіне хабарласып, үйден күйіктің иісі шығатынын айтқан.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы мен 102 және 103 қызметтері жіберілді.

Осы уақыт аралығында Семей қаласының КҚЖБО диспетчерлері бейнебайланыс арқылы балаға қоңырау шалып, балалардың қал-жағдайын біліп, бөлмелерді желдету үшін терезені ашуды өтінген.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйде балалар жалғыз қалғанын, күйіктің иісі шығатынын анықтап, есіктің құлпын бұзып, балаларды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

"Балаларды дәрігерлер қарағаннан кейін Семей қаласындағы балалар ауруханасына алып кетуге тура келді, жеңіл көміртегі тотығымен уланудың алдын-ала диагнозы қойылды, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық".Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі 

4 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды