Ел өңірлерінде жабылған жолдар біртіндеп ашылып жатыр

Сурет: pixabay
Боран мен аяздың беті қайтып, ауа райының тұрақталуына байланысты еліміздің бірнеше өңіріндегі жолдар ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

"Жезқазған-Петропавл" тас жолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығанда қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Қостанай облысында да республикалық маңыздағы барлық күре жолдар ашылды.

Қарағанды облысының республикалық маңызы бар күре жолдары барлық бағытта ашық. Қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылуда.

Жол қызметкерлері күре жолдарды қардан тазартып, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Айта кетсек, "ҚазАвтоЖол" АҚ 5 қаңтарда елімізде қолайсыз ауа райына байланысты 25 тас жол жабық күйінде қалып отырғанын хабарлаған болатын. 


Қарағанды
Петропавл
Павлодар
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды