Ақтауда цистерна жарылып, күйіп қалған жігіт ауруханада қайтыс болды

Сурет: akorda.kz
9 қаңтарда Ақтау маңында цистерна жарылып, ауруханаға жеткізілген екі жігіттің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, күйік шалған 1989 жылғы жігіт ауруханада көз жұмды.

"Науқастардың бірі қайтыс болды. 1981 жылы туған екіншісінің жағдайы әлі ауыр деп бағалануда. Оның бассүйек-ми жарақаттанған, оң аяғы мен оң иығы күйген. Науқастың жағдайын жақсарту үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", – деп хабарлады ауруханадан.

8 қаңтарда Ақтау маңында жанар-жағармай тиелген цистерна жарылды. Жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.




Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды