Мұз ойылып, Алакөлге көлігімен түсіп кеткен адамның денесі табылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мұз ойылып, көл түбіне кеткен адамның денесі 28 метр тереңдіктен табылды. Ол су астында көлігімен бірге бір тәулікке жуық уақыт жатып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"13 қаңтада сағат 15:10 шамасында қасында жолаушысы бар НИВА маркалы көліктің жүргізушісі қатқан Алакөл үстімен жүріп өткен. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға кеткен. Көліктегі жолаушы сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Іздеу жұмыстары барысында 14 қаңтарда сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне алып шықты. 


Құтқару жұмысына ҚР ТЖМ РҚҰ-ның Абай облысындағы 4 қызметкері, 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 25 адамы мен 6 техникасы тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды