Қуаныш Асылов Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болды

Сурет: gov.kz
Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент әкімдігінің мәліметінше, тағайындалғанға дейін ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды

Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматыда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құқықтану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі Саясаттану ғылымдарының магистрі.

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.

«Құрмет» орденінің кавалері, «Ерен еңбегі үшін», ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «ҚР ҰҚК 25 жыл» мемлекеттік медальдарімен марапатталған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды